Adress: Ferhatpasa Mah. 48. Sok. No:1 A/1
34888 – Atasehir
Istanbul / TURKEY
Telephone: +90 216 350 20 24
Kazakistan Adress:Business Center KB 10 Kabanbay Batyr street 10 3rd floor 050010 Almaty
Telephone: +7 (775) 731-41-42
Инженерлік сарапшылар тобының сервистік және техникалық қызмет көрсету саласындағы мол тәжірибесі бізге ірі МРТ жеткізушілерінің жабдықтарына қызмет көрсету қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. Біз клиенттеріміздің алаңды жоспарлау, жобаны іске асыру, орнату, кеңес беру, сұйық гелий жеткізу және тасымалдау сияқты барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға әзірмі.
Компанияның бас қоймасында қосалқы бөлшектердің мол қоры сақтаулы тұрғандықтан, Link Medical Systems сіздің қосалқы бөлшектер жеткізуге қатысты кез-келген сұранысыңызды орындайды. Сіз өз жабдықтарыңыздың бөлшектерін қысқа мерзімде және қолжетімді шарттармен ауыстыруды бізге сеніп тапсыра аласыз. Шетелден әкелінетін тетіктерге келетін болсақ, әлемнің жетекші жеткізушілерімен арадағы біздің арнайы келісімдеріміз сіздің қажеттіліктеріңізді қолайлы бағамен қанағаттандыруға мүмкіндік береді
Link Medical Systems компаниясы -бұл сіздің КТ, МРТ, ПЭТ/КТ жүйелеріңізге және басқа медициналық радиология жүйелеріне жеке қызметтер ұсынатын алғашқы тәуелсіз қызмет көрсету компаниясы. Жабдық өндірушілермен салыстырғанда, біз экономикалық тиімді және икемді қызметтер ұсынамыз, жабдық өндірушілерді әдетте бұл тұрғыдан икемді деуге келмейді. Біздің команда кәсіби инженерлерден тұрады және әрқашан сіздің құзырыңызға дайын.
Link компаниясы МРТ аппаратын ауданы 1000 шаршы метрлік қоймада тоңазытқыш қондырғыларында немесе жылытылатын жағдайларда сақтау қызметін ұсынады. Салқындатылған магниттер 24 сағат бойы бақыланады. Температура мен ылғалдылықты есепке алу үшін күнделікті тексерулер жүргізіледі.
Ауыстыру, орнынан қозғау немесе сату жоспарланған құрылғыларды сақтау үшін сізге уақытша орын қажет болуы мүмкін. Сіздің құрылғыларыңызды ең қолайлы жағдайда сақтау үшін жеке жасақталған сақтау қызметтерін ұсынамыз және оларды сізге ыңғайлы кез-келген уақытта ұсына аламыз.
МРТ-жүйелер аса өткізгіш магнит көмегімен өте үлкен магнит өрісін түзеді. Бұл аса өткізгіш магнит температурасы -269,1°C шамасындағы сұйық гелийге батырылған көптеген шарықтардан тұрады. Магниттерді төмен температураға дейін суыту процесі магнитті салқындату деп аталады.
Магниттерді салқындату тәсілі магниттің, материалдың және ішкі бетінің массасын есепке алғаннан кейін анықталады. Егер бүкіл процесс барысында дәлсіздік орын алғаны анықталса, сұйық гелийдің шамадан тыс жұмсалуына немесе тіпті магниттің зақымдалуына әкелетін бұзылу туындауы мүмкін.
Вакуумдау процесі магнитті салқындату процесімен тығыз байланысты. Сондықтан -269,1°С температурасын ұстап тұру үшін вакуум қолданылады. Мұндай жағдайларда білікті жұмыс күшін тарту және вакуумдау үшін дұрыс жабдықты пайдалану қажет.
Link сервис қызметінің инженерлері сіздің MРТ-аппаратыңызды салқындату жүйесін үнемі және мұқият қадағалап, бұзылу немесе ақаулы жұмыстың алдын алу үшін оның жай-күйі туралы хабарлап отырады. Бұл жұмыссыз тұратын уақыт және жөндеу шығындарын азайтуға жәрдемдеседі.
Біз бәсекеге қабілетті бағалармен және толық кепілдікпен КТ-сканеріне түпнұсқа немесе үйлесімді рентген түтіктерін жеткіземіз. Біздің сарапшылар тобымыз сондай-ақ құрастыру және калибрлеудің қосымша қызметтерін ұсынады.
Сіздегі МРТ моделін қай өндіруші жасаса да, кескіннің анық және сенімді болуы шарықтың сигнал / шу ара қатынасына тікелей байланысты. Тым жиі қолдану салдарынан МРТ шарықтары бұзылуы мүмкін, мысалы, кабельдердің тозуы және бүлінуі сурет сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Алайда бұл проблемаларды оңай шешуге болады.
Функционалдық магниттік-резонанстық томография кезінде зақымданулардың сөйлеу, қозғалу немесе қабылдау сияқты маңызды орталықтарға жақындығы туралы мәліметтер жазылады. Бұл емдеуді жоспарлау, операциялар жүргізу және сәулелік терапия үшін қолданылады.