ҚЫЗМЕТТЕР

tıbbi cihaz mühendisliği

ОРНАТУ-БӨЛШЕКТЕУ


Инженерлік сарапшылар тобының сервистік және техникалық қызмет көрсету саласындағы мол тәжірибесі бізге ірі МРТ жеткізушілерінің жабдықтарына қызмет көрсету қызметтерін ұсынуға мүмкіндік береді. Біз клиенттеріміздің алаңды жоспарлау, жобаны іске асыру, орнату, кеңес беру, сұйық гелий жеткізу және тасымалдау сияқты барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға әзірмі.


radyoloji sistemleri çözüm

ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР


Компанияның бас қоймасында қосалқы бөлшектердің мол қоры сақтаулы тұрғандықтан, Link Medical Systems сіздің қосалқы бөлшектер жеткізуге қатысты кез-келген сұранысыңызды орындайды. Сіз өз жабдықтарыңыздың бөлшектерін қысқа мерзімде және қолжетімді шарттармен ауыстыруды бізге сеніп тапсыра аласыз. Шетелден әкелінетін тетіктерге келетін болсақ, әлемнің жетекші жеткізушілерімен арадағы біздің арнайы келісімдеріміз сіздің қажеттіліктеріңізді қолайлы бағамен қанағаттандыруға мүмкіндік береді


klinik mühendisliği çözümleri üzerine hizmet

СЕРВИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ


Link Medical Systems компаниясы -бұл сіздің КТ, МРТ, ПЭТ/КТ жүйелеріңізге және басқа медициналық радиология жүйелеріне жеке қызметтер ұсынатын алғашқы тәуелсіз қызмет көрсету компаниясы. Жабдық өндірушілермен салыстырғанда, біз экономикалық тиімді және икемді қызметтер ұсынамыз, жабдық өндірушілерді әдетте бұл тұрғыдан икемді деуге келмейді. Біздің команда кәсіби инженерлерден тұрады және әрқашан сіздің құзырыңызға дайын.



САҚТАУ


Link компаниясы МРТ аппаратын ауданы 1000 шаршы метрлік қоймада тоңазытқыш қондырғыларында немесе жылытылатын жағдайларда сақтау қызметін ұсынады. Салқындатылған магниттер 24 сағат бойы бақыланады. Температура мен ылғалдылықты есепке алу үшін күнделікті тексерулер жүргізіледі.

  • МРТ аппаратын суықта сақтау жағдайларын қамтамасыз ету (гелиймен үздіксіз салқындату арқылы), сондай-ақ орнатпас бұрын жабдықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ол жылытылатын ортада сақталады
  • КТ-сканерлер сондай-ақ толықтай қорғалған ортада сақталады

Ауыстыру, орнынан қозғау немесе сату жоспарланған құрылғыларды сақтау үшін сізге уақытша орын қажет болуы мүмкін. Сіздің құрылғыларыңызды ең қолайлы жағдайда сақтау үшін жеке жасақталған сақтау қызметтерін ұсынамыз және оларды сізге ыңғайлы кез-келген уақытта ұсына аламыз.




МАГНИТТІ САЛҚЫНДАТУ


МРТ-жүйелер аса өткізгіш магнит көмегімен өте үлкен магнит өрісін түзеді. Бұл аса өткізгіш магнит  температурасы -269,1°C шамасындағы сұйық гелийге батырылған көптеген шарықтардан тұрады. Магниттерді төмен температураға дейін суыту процесі магнитті салқындату деп аталады.

Магниттерді салқындату тәсілі магниттің, материалдың және ішкі бетінің массасын есепке алғаннан кейін анықталады. Егер бүкіл процесс барысында дәлсіздік орын алғаны анықталса, сұйық гелийдің шамадан тыс жұмсалуына немесе тіпті магниттің зақымдалуына әкелетін бұзылу туындауы мүмкін.

Вакуумдау процесі магнитті салқындату процесімен тығыз байланысты. Сондықтан -269,1°С температурасын ұстап тұру үшін вакуум қолданылады. Мұндай жағдайларда білікті жұмыс күшін тарту және вакуумдау үшін дұрыс жабдықты пайдалану қажет.


Біз мұны қалай жасаймыз?

БІЗДІҢ ПРОЦЕСС



Біз кәсіпқойларды ұсынамыз

ТӘПТІШТЕП ЖОСПАРЛАУ


Link Medical Systems компаниясы сіздің ұйымыңыз үшін ең қолжетімді және қолайлы жабдықты табады және экономикалық тиімді шешімдерді ұсынады. Біз сондай-ақ объектінің қуатын ескере отырып, жабдықтың техникалық сипаттамаларын анықтаймыз.

Біз сізге береміз

24/7 ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ


Link кепілдігі бізден сатып алынған немесе жалға алынған барлық қолданыстағы немесе жаңа жабдықтарға қолданылады. Біздің тәжірибелі инженерлер сатылғаннан кейінгі немесе орнату кезіндегі бұзылу және басқа да мәселелердің алдын алуға тырысады.

Біз сіздің ойыңызша

ТӨМЕН БАҒА


Жабдықты жалға алатын болсаңыз, біз Сізбен шарт жасасамыз. Соңынан сізге бұл жабдық қажет болмайтын болса, сіз бұл іспен өзіңіз айналыспайсыз – біз бұл міндетті өзіміз орындаймыз.
Көбірек білу үшін

БІЗДІҢ ӨНІМДЕР


КРИОГЕН


Link сервис қызметінің инженерлері сіздің MРТ-аппаратыңызды салқындату жүйесін үнемі және мұқият қадағалап, бұзылу немесе ақаулы жұмыстың алдын алу үшін оның жай-күйі туралы хабарлап отырады. Бұл жұмыссыз тұратын уақыт және жөндеу шығындарын азайтуға жәрдемдеседі.


РЕНТГЕН ТҮТІГІ


Біз бәсекеге қабілетті бағалармен және толық кепілдікпен КТ-сканеріне түпнұсқа немесе үйлесімді рентген түтіктерін жеткіземіз. Біздің сарапшылар тобымыз сондай-ақ құрастыру және калибрлеудің қосымша қызметтерін ұсынады.



ШАРЫҚ


Сіздегі МРТ моделін қай өндіруші жасаса да, кескіннің анық және сенімді болуы шарықтың сигнал / шу ара қатынасына тікелей байланысты. Тым жиі қолдану салдарынан МРТ шарықтары бұзылуы мүмкін, мысалы, кабельдердің тозуы және бүлінуі сурет сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Алайда бұл проблемаларды оңай шешуге болады.


FMRI


Функционалдық магниттік-резонанстық томография кезінде зақымданулардың сөйлеу, қозғалу немесе қабылдау сияқты маңызды орталықтарға жақындығы туралы мәліметтер жазылады. Бұл емдеуді жоспарлау, операциялар жүргізу және сәулелік терапия үшін қолданылады.


Кәсіби медициналық қызметтер

ЖОЛ БОЙЫ


0123456789001234567890

ЖЫЛДАР СЕНІМЕН



0123456789001234567890

ИНЖЕНЕР



0123456789001234567890

СЫЙЛЫҚТАР



012345678900123456789001234567890

ҚАНАҒАТТАНДЫРЫЛҒАН Клиенттер


Бізбен хабарласыңы

Adress: Ferhatpasa Mah. 48. Sok. No:1 A/1
34888 – Atasehir
Istanbul / TURKEY

Kazakistan Adress:Business Center KB 10 Kabanbay Batyr street 10 3rd floor 050010 Almaty

Telephone: +7 (775) 731-41-42