ӨНІМДЕР

КРИОГЕН


Криоген – Сұйық гелий – Салқындатқыш бастиек -Компрессор – Адсорбер

Адсорбер, салқындатқыш бастиек және компрессорлық агрегаттар үнемі бақылауда болуы және қажет болған жағдайда тез ауыстырылуы тиіс. Тетіктер қорының арқасында Link компаниясы сіздің жүйеңізге қажетті барлық қосалқы бөлшектерді жеткізіп береді. Link компаниясы қоймасында негізгі өндірушілердің барлық магнит түрлеріне арналған қосалқы бөлшектер табылатындықтан, сіздің техникалық қызмет көрсету мен пайдалану шығындарыңызды азайтуға көмектеседі.

Link сервис қызметінің инженерлері сіздің MРТ-аппаратыңызды салқындату жүйесін үнемі және мұқият қадағалап, бұзылу немесе ақаулы жұмыстың алдын алу үшін оның жай-күйі туралы хабарлап отырады. Бұл жұмыссыз тұратын уақыт және жөндеу шығындарын азайтуға жәрдемдеседі.

Linde компаниясымен тығыз ынтымақтастығы барысында Link еш уақытта, тіпті қиын жағдайларда да ешқашан сәтсіздікке ұшыраған емес. Біздің жеке жанармай құю жабдықтарымыз бен тәжірибелі қызметкерлеріміз сұйық гелийді ұлттық және халықаралық деңгейде жеткізу үшін ең тиімді баға мен жедел қызмет ұсынуға мүмкіндік береді.

Біз GE/Siemens/Philips шығарған магниттерді, сондай-ақ барлық MРТ модельдері үшін салқындатқыш бастиектер, компрессорлар, адсорберлер ұсынамыз және орнатамыз.


РЕНТГЕН ТҮТІГІ


Барлық негізгі өндірушілердің рентген түтіктері

Біз бәсекеге қабілетті бағалармен және толық кепілдікпен КТ-сканеріне түпнұсқа немесе үйлесімді рентген түтіктерін жеткіземіз. Біздің сарапшылар тобымыз сондай-ақ құрастыру және калибрлеудің қосымша қызметтерін ұсынады.

Сонымен қатар түтіктерді жалға беру қызметі Link Medical Systems компаниясы артықшылықпен ұсынатын қызметтердің бірі болып табылады.

Компьютерлік томограф үшін рентген түтігін сатып алу мәселесі бойынша бізге хабарласыңыз.


ШАРЫҚ


МРТ шарықтарын жеткізу және жөндеу

Сіздегі МРТ моделін қай өндіруші жасаса да, кескіннің анық және сенімді болуы шарықтың сигнал / шу ара қатынасына тікелей байланысты. Тым жиі қолдану салдарынан МРТ шарықтары бұзылуы мүмкін, мысалы, кабельдердің тозуы және бүлінуі сурет сапасының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Алайда бұл проблемаларды оңай шешуге болады.

Біздің толықтай жабдықталған электроника жөндеу шеберханамыз барлық негізгі MРТ өндірушілерінің шарықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ жарық сигналының шу деңгейіне орташаландырылған қуатына қатысты өндірушінің ағымдағы талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін жеткізілім алдында шарық сапасын бақылау және функционалдық сынақ жүргізу үшін аккредиттелген.

Сондай-ақ қалпына келтірілмейтін шарықтарды ауыстыру қызметін ұсынамыз. Link компаниясы радиология бөлімшесінің жұмысын тоқтатпау үшін сізге жаңа немесе жөнделген МРТ шарықтарын ұсынады.


РЖ-КАБИНА


Ең биік стандарттар бойынша жоғары жиілікпен экрандау

FM-радиосы, қозғалтқыштар және басқа құрылғылар әртүрлі қуат жиіліктерін тудырады. МРТ өзіне жақын орналасқан электр жабдықтарының шуын ұстағанда, кескіндерге айтарлықтай кедергі келтіріледі. Демек, оңтайлы жұмыс істеуі үшін МРТ РЖ-кабинасына (Фарадей торы) орналастырылуы тиіс.

Өндіріс технологиясы мен материалдары MРТ жүйелерінің жұмысы үшін, сондай-ақ құрастыру сапасы үшін өте маңызды. Олардың барлығы радиожиілікпен экрандауға айтарлықтай ықпал етеді.

Жоғары сапалы мыс фольга, ағаш жақтаулар, есік жүйелері, электр сүзгілері және басқа компоненттер арнайы таңдалады және орнатылады.

Блоктар модульдік және қажет болған жағдайда жылжымалы болуы мүмкін. Link компаниясы барлық негізгі МРТ жеткізушілердің экрандалған корпустарының талаптарына сәйкес келетін РЖ-кабиналарды жобалайды және шығарады.

Жергілікті орында бағалау ақпаратын тегін алу үшін бізбен хабарласуыңызды сұраймыз.


ОМР САЛҚЫНДАТҚЫШЫ


Салқындатқыштарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу

Салқындату жүйесінің MРТ жүйесінің оңтайлы жұмысы үшін де, гелий шығынын азайту үшін де маңызы зор. Жабдықтың жұмысын ең жоғарғы тиімділік деңгейінде қамтамасыз етуде МРТ салқындатқышы маңызды рөл атқарады.

Link компаниясы MРТ салқындатқыштарының жергілікті өндірушісі Planer компаниясымен жұмыс істейді. Біз салқындатқыштың Planer модельдеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу қызметтерін ұсынамыз. Planer модельді салқындатқыштар өзінің GSM-жүйесінің арқасында қашықтан мониторинг жүргізуге және энергияны үнемдей отырып салқындатуға қабілетті, көп орын алмайды, суды ысырап етпейді.

  • Микропроцессормен басқарылады
  • Экологиялық таза R407C
  • Өнімділігін 50%-ден 100%-ға дейін бақылау
  • Тот баспайтын резервтік резервуар
  • Қосарланған салқындату тізбегі
  • Қосарланған компрессор
  • Компрессордың біркелкі тозуы
  • Ауамен салқындатылатын аса тиімді конденсатор
  • Қашықтан жүргізілетін мониторинг
  • Істен шыққанын ескерту жүйесі

Салқындатқыштың істен шығатын жағдайына арналған автоматты байпасы


ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МАГНИТТІК-РЕЗОНАНСТЫҚ ТОМОГРАФИЯ


fMRI (функционалдық магниттік-резонанстық томография)

Функционалдық МРТ -бұл ми қызметін секунд сайын бақылайтын және қан айналымындағы өзгерістерді анықтайтын жүйе.

Функционалдық магниттік-резонанстық томография ми функцияларын (сөйлеу, қозғалу, есте сақтау және т.б.) және жалпы функцияларды басқаратын ми орталықтарының орналасқан орнын көрсету үшін қолданылады. Когнитивтік белсенділік басталған кезде осы аймаққа қанның келуі аздап ұлғаяды. Бұлайша ұлғаю белсенділік кезінде мидың осы бөлігінен келетін МРТ сигналдарының өзгеруіне әкеледі, ал МРТ-сканері осы аймақтағы нейрондық белсенділікті қан айналымындағы өзгерістер арқылы көрсетеді.

Функционалдық магниттік-резонанстық томография кезінде зақымданулардың сөйлеу, қозғалу немесе қабылдау сияқты маңызды орталықтарға жақындығы туралы мәліметтер жазылады. Бұл емдеуді жоспарлау, операциялар жүргізу және сәулелік терапия үшін қолданылады.

Өз секторында із салушы болып табылатын NordicNeuroLab өнімдері, аппараттық құралдардан бастап бағдарламалық жасақтамаға дейін, бүкіл әлемде пайдаланылуда. Link компаниясы көптеген жылдар бойы сол өнімдерді жеткізіп келеді.


БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҰСЫНЫС БЕРІҢІЗ.

Бізбен хабарласыңы

Adress: Ferhatpasa Mah. 48. Sok. No:1 A/1
34888 – Atasehir
Istanbul / TURKEY

Telephone: +90 216 350 20 24

Kazakistan Adress:Business Center KB 10 Kabanbay Batyr street 10 3rd floor 050010 Almaty

Telephone: +7 (775) 731-41-42